Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген «TazaLike» салтанатты іс-шарасы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы ағымдағы жылдың 28 наурыз күні «Хантағы-Кемпіртас» экологиялық соқпағы бойында жүргізілді. Бұл іс-шараға  қорықтың 10 қызметкері және Кентау көпсалалы колледжнен 20 студент қатысып, нәтижесінде соқпақ бойындағы бұлақ көздері ашылды.

“Taza Like” табиғат қорғау акциясы мекеме ғимаратында бастау алып, қорыққа іргелес орналасқан Байылдыр ауылы С.Қожанов атындағы #9 жалпы білім беретін мектепте жалғасын тауып мектеп оқушыларының қатысуымен  тазалық жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық бастама өңірдің табиғатын қорғауға ғана емес, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

**22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін** бүкіл әлем бойынша **«Жер сағаты»** халықаралық экологиялық акциясы өтеді!

Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам **жарықты және электр құрылғыларын өшіріп**, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.

Біз табиғаттың  бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын.

Біз табиғаттың  бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын.

✨“Құстарға ұя жаса!” ұранымен экоағарту және туризм бөлімінің қызметкерлері Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірге мектеп ауласындағы ағаштарға 15 дана құс ұяларын ілді.

✨“Құстарға ұя жаса!” ұранымен экоағарту және туризм бөлімінің қызметкерлері С.Қожанов атындағы #9 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен бірге мектеп ауласындағы ағаштарға 3 дана жемсалғыштар мен 2 дана құс ұяларын ілді

5 бет. Барлығы: 14

1galaweb1