Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, тілсіз жау десек болады. Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 милионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады.
Жаз – өрт қауіпінің күшейетін кезі. Өрт осы маусымда, елімізде ормандар мен далалық алқаптарында жиі байқалады. Мұның себебі негізінен азаматтарымыздың жаз айларында бұл қауіпті елемей, немқұрайлы қарауынан болып жүр.
Оған далалық өрт деп жеңіл – желпі қарамау керек. Далалық алқаптарда тұтанған өрт маңайындағы жайлымдық жерлер мен елді мекендерге де қауіп төндіреді. Үлкен материалдық шығын әкеледі. Адамдар денсаулығына зиян тигізіп, сақтанбаса өмірлерін де жалмауы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпіне әр кез абай болған жөн. Сондай – ақ, демалған орыннан қайтар кезде отты міндетті түрде сөндіріп кету қажет. Егер де жақын жерде су болмаса, оны топырақпен көму қажет. От шоқтары толық сөнгеніне көз жеткізу қажет. Орман өрттері немесе далалық аумақтар күн сәулесі түсетін ашық алаңдарға тасталған шыны бөтелкесінен немесе темекі тұқылынан көп жағдайда өрттер орын алып жатады. Осы далалық өрттердің алдын алу барысында «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі өз тарапынан өртке қарсы минеральдық жолақтар, мектептер мен мекемелер арасында түрлі іс-шаралар жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде мақалалар жариялап, шаруа қожалықтарымен келісім шарттар жасап және халық арасында өртке қарсы үн парақтар таратумен айналысады.
Өрт оқиғасы орын алған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне шұғыл хабарласуларыңызды сұранамыз.
Ү. Жапаров
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
күзет бөлімінің бастығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының басты мақсаты табиғат байлығын сол қалпында сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру болып табылады. Өрт деген тілсіз жау, бұл табиғаттың ең үлкен қауіп қатері. Осы тілсіз жаудан сақтау үшін ашылғаннан бері қорық басшылығы мен мемлекеттік инспекторлар тынымсыз күзетуде. Осындай қорғау жұмыстары мен халықпен жұмыс жасау арқасында осы уақытқа дейін қорық ішінде өрт шығу оқиғасы тіркелмегенге шүкір дейміз. Дегенмен қорық айналасындағы табиғатта өрт шығып, біздің өрт сөндіру топтарының көмегімен сөндірілген өртену жағдайлары болып тұрады.
Әсем табиғатты тамашалауға дүние жүзінің түкпір – түкпірінен саяхатшылар толассыз келуде. Елбасымыздың тапсырмаларының бірінде Қазақстанда туризмді дамытуды барынша қолға алуды тапсырған. Қаратау қорығы туризм саласын дамытуда үлкен үлес қосатыны айдан анық. Осы табиғат байлығын өз ретімен жүйелі пайдаланбаса, оның да жылдар өте орнын толтыра алмауымыз мүмкін. Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Ал төменгі және жоғарғы – тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.
Өрт салдарынан қаншама өсімдіктер жойылып, аң – құстарға көптеген зиянды әсерін тигізеді. Өрт болған жердің қайта қалпына келуі үшін, ондаған жылдарды қажет етеді. Ендеше Қаратау- қорығының әсем табиғатын, өзіміздің байлығымызды сақтауға қала тұрғындар және ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, тау бөктерінде маусымдық жұмыс атқаратын малшылар, жүргізушілер болып жұмыла атсалысуымыз керек. Ол үшін тау бөктерінде мына қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
1) темекі қалдығын толық сөндіріп тастау;
2) кез – келген жерде от жақпау, әсіресе жел тұрып тұрғанда;
3) от жағу қауіпсіз жерде яғни, шөптен топырақ бетіне дейін тазартылған ені 0,5 м, ұзындығы 1 м кем емес суға жақын, қалың шөптен алшақ болуға тиіс;
4) тау бөктерінде жұмыс жасайтын ауыл шаруашылық техникаларында өрт сөндіргіш құралдар міндетті түрде болу керек.
Қорыққа жақын орналасқан елді мекендермен шаруашылық қожалықтарына және мектеп оқушыларына үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, нұсқамалар берілуде, үн парақтар таратылуда. Өрттің тілсіз жау екені баршамызға аян. Өрттің орын алмауына бірігіп ат салысайық.
Н.Нұртазаев
«Қаратау МТҚ» РММ мемлекеттік инспекторы
Өрт - тілсіз жау. Тілсіз жаудың күшейер уақыты көктем мезгілі. Көктем және жаз мезгілдеріндегі дала өрттері ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаға үлкен шығын алып келетіні анық. Сол себепті «Қарғалы қаумалы» қызметкерлері көктем мезгілінде аудан аумағында дала өрттеріне байланысты сақтық шараларын арттыра түседі. Жылдың төрт мезгілінде тыным таппайтын мекеме қызметкерлері ірі дала өрттеріне жол бермеу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жергілікті атқарушы органдармен, шаруа қожалық қызметкерлерімен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.
Дала өрттерінің шығу себептері ең алдымен адамдардың ағаш өртінің болу себебін білмеуінен және сақтық шараларын сақтамауынан болады. Елді мекендерде ашық отты дұрыс пайдаланбау, дала өсімдіктерін қасақана өртеу, темекі қалдығын толық өшірмей тастау секілді себептерден де дала өрті өршіп отырады.
Орман өрті мен дала өртінің қиындығы табиғи байлығымызға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамға үлкен әсерін тигізеді. Сол себепті, барша адамзатты дала өрттерінің шығу себептерін білуге және сақтық шараларын қатаң түрде ұстануға шақырамыз.
«Қарғалы қаумалының» аң шаруашылық маманы Г.Утеуов
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Үкіметінің №1017 санды 25.06.2014 жылы шығарылған қаулысы бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерін болдырмау алдын алу және сөндіру қорықтың қорық аумағымен күзет аймағында өрт қауіпсіздігін сәуір айының бірінші жұлдызынан 2024 жылдың қараша айына дейін жүргізеді. Өрттің туындауының басты себептері: көктен жерге найзағайдың түсуі, шөп ору науқаны кезінде автотракторлардың өрт сөндіргіш қалқаншаларының болмауы. Сондықтан өрт қауіпінің алдын алу шараларының төменде көрсетілген ережелерін сақтау табиғатымызды үлкен шығын қасіреттен сақтайды.
- От жағылған жағдайда сөндірусіз қалдыруға мүлдем болмайды;
- Сөнбеген темекі қалдықтары мен сіріңкелерді тастауға болмайды;
- Тиісті арналмаған жерлерде от жағуға болмайды;
- Егіс алқаптарында шөптер мен қамыстарды өртеуге болмайды;
- Далада абайсызда өрт шығаратын заттарды (зажигалка) т.б. тастауға болмайды;
- Шөлмек сынықтарын, үлкейткіш (лупаларды) ашық күн сәулесі түсетін жерлерде қалдыруға болмайды;
- Тез жанғыш тұтанғыш материалдар осы жоғарыда тізбеде көрсетілген ережелерді сақтаған жағдайларда тілсіз жау өрттің алдын алуға болады.
Қаратау қорығы Сіздерді өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады!
«Қаратау МТҚ» аң шаруашылық маманы Дүйсебеков А