Табиғат – адамзаттың тіршілік көзі, өмірдің бастауы. Адам баласы осы уақытқа дейін табиғаттан бәрін алып келді: ауа, су, азық – түлік, пайдалы қазбалар – барлығы табиғаттың сыйы. Алайда соңғы жылдары қоршаған ортаға деген немқұрайлы көзқарас экологиялық мәселелерді күшейтіп, табиғи байлықтардың азаюына әкеліп отыр. Бүгінгі таңда ормандардың жойылуы, ауаның ластануы, судың тапшылығы мен жануарлар дүниесінің азаюы – адамзат баласының алдына қойылған басты проблемаларының бірі. Бұл мәселелерді шешу үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Табиғатты қорғау – тек экологтардың ғана емес, барша қоғамның міндеті.
Біз не істей аламыз? Ең алдымен, табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйренуіміз керек. Қоқысты бөлектеп тастау, ағаш отырғызу, суды үнемдеп пайдалану – бұл қарапайым әрекеттер үлкен өзгерістерге бастар жол. Сонымен қатар, табиғатты қорғау жайлы ақпаратты көпшілікке таратып, болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие беру аса маңызды. Қоғамдық орталарда, мектеп қабырғаларында, жоғарғы оқу орындарында экологиялық білімді арттырып, түрлі сенбіліктер мен акциялар өткізуде пайдалы. Мұндай шаралар қоғамның экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастырады.
Қорытындылай келе, табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ іс. Біз табиғатқа не берсек, табиғатта бізге соны қайтарады. Сондықтан туған жеріміздің табиғатын аялау – болашаққа жасалған ең үлкен инвестиция. Табиғатты баршамыз ат салысып бірге қорғауға шақырамын.
Табиғи кешендер мен объектілерді күзету бөлімінің бастығы Ү. Жапаров