Экскурсиялық-танымдық іс-шаралар ғылыми-танымдық және экологиялық экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ табиғатты қорғау мәселелері бойынша оқу-ағарту, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Туризм және экологиялық ағарту бөлімі жыл сайын «Қаратау табиғаты» ғылыми-танымдық кешені мен қорықтағы экологиялық соқпақтарда жаппай экологиялық іс-шаралар, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді, сонымен қатар ғылыми-танымдық экологиялық экскурсиялар ұйымдастырады. Мектеп оқушылары мен студенттерге лекциялар, пікірталастар мен дебаттар өткізіліп, буклеттер мен брошюралар шығарылады. Туризм және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері семинарларға, тренингтерге, ашық сабақтарға және басқа да экологиялық шараларға қатысады.
Қорық аумағында 2 экологиялық соқпақ бар.