«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің табиғи кешендер мен объектілерді күзету бөлімінің инспекторлары ҚР Қызыл кітабына кіретін және құрып кету қауіпі төнген, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметін атқарады.Оның ішінде – Қаратау тауларының эндемигі Қаратау арқарының жойылып бара жатқан популяциясын қалпына келтіру және сақтау.  

Күзет бөлімінде 21 мемлекеттік инспектор қызмет жасайды.Толық көлемде қызметтік жабдықтармен жабдықталған:радиобайланыс құралдарымен, қызметтік қару-жарақпен, арнайы қызметтік төсбелгімен, смартфондармен, дүрбілермен, жол талғамайтын автокөліктер мен мотокөліктер және қарда жүретін көлік, мініс аттармен қамтамасыз етілген. Қорғау тұрақты және топтық әдістермен қорғалады.

Қорық аумағы 11 айналымнан тұрады, әр айналымның орташа көлемі 3118 га, айналым мемлекеттік инспекторларға бекітілген. Оңтүстік жағынан - № 1 Байылдыр, № 2 Хантағы, № 3 Біресік; шығыс бөлігінде - № 4 Қаратау; солтүстік жағында - № 5 Келіншектау, № 6 Бессаз, № 7 Дулатбек кордондары (қызметтік тұрғын үйлер)бар. Үйлер күн сәулесін пайдаланатын батареяларымен электрленген.

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, минералдық жолақтар жүргізілген, арнайы аншлагтар белгілері қойылып, қорық аумағымен шекаралас орналасқан шаруа қожалықтарымен өртке қарсы келісім шарттар түзіліп, үнпарақтар таратылып түсіндірме үгіт-насихат жұмыстары өрт маусымында жүргізіліп отырады. 

1galaweb1