РММ «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі
Дүйсенбі
9:00 - 12:30
Оразымбетов Казыбек Сейдуллаевич
Директор
Өмірбаян
Казбек Сейдуллаевич Оразымбетов 2012 жылы «Қазақ ұлттық аграрлық университетін» Орман шаруашылығы ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеде инженер-механик болып бастаған. Кейін «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-де орман қорғау инженері, бас маман, бөлім меңгерушісі, филиал директорының орынбасары, Түркістан филиалының директоры, Сырдария-Түркістан МӨТП- нің бас директоры, бас директор орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
Телефон:
8 (72536) 40455Мекенжайы:
Уәлиханов көшесі, 17
Сәрсенбі
9:00 - 12:30
Жанатаев Шора Абдуалиұлы
Директордың орынбасары
Өмірбаян
Жанатаев Шора Абдуалиұлы өзінің еңбек жолын 1984 жылы азық-түлікпен қамтамасыз ету мекемесінің Ащысай бөлімшесінде жұмысшы ретінде бастаған, одан әрі 1987-1989 жылдары Кентау экскаватор зауытының формовщигі, 1989-1995 жылдары Кентау қаласында «Ащысайполиметалл» комбинатында кен өндіріс жағында жұмыс істеген. 2004 жылы май айынан бастап «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде инспектор болып жұмыс істеген, 2007 жылдан бастап табиғи кешендер мен объектілерді күзету қызметі бөлімінің бастығы, 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін директордың орынбасары қызметін атқарады. Жетекшілік ететін бағыты бойынша мекеменің даму стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады, яғни жалпы күзет және гараж шаруашылығы бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады. Жұмыс жоспарларын жасауға қатысады, оның орындалуы жөнінде жұмысты қамтамасыз етеді. Сұғанақтарды ұстау барысында жұмысты ұйымдастырады және басшылық етеді. Табиғат заңнамасын бұзудың алдын-алу бойынша жергілікті халық арасында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілуін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ұқыпты, тындырымды, еңбек сүйгіш, өзінің ұқыптылығымен және жауапкершілігімен қорықтың дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Телефон:
8 (72536) 40371Мекенжайы:
Уәлиханов көшесі, 17
Жұма
9:00 - 12:30
Алшериев Айдос Мұңайтбасұлы
Эколог, директордың ғылым жөніндегі орынбасарының м.у.а.
Өмірбаян
Алшериев Айдос Мұңайтпасұлы өзінің еңбек жолын 1993 жылы жұмысшы ретінде бастаған, 2014 жылы наурыз айынан бастап «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде табиғи кешендер мен объектілерді күзету қызметі бөлімінің бастығы болып жұмысқа қабылданған. 2014 жылдын 2016 жылы директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылдан бастап эколог қызметіне қабылданған, 2024 жылдың қазан айынан бастап директордың ғылым жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарып отыр. Жұмыс жоспарларын жасауға қатысады. Ұқыпты, тындырымды, өзінің ұқыптылығымен және жауапкершілігімен қорықтың дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Телефон:
8 (72536) 40371Мекенжайы:
Уәлиханов көшесі, 17







