ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
Мемлекеттік қорықтағы ғылыми қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу бойынша стационарлық жүйелі бақылауларды ұйымдастыру, табиғи процестерге мониторинг жүргізу, оның ішінде Табиғат жылнамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтау, экологиялық жүйелерді және мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеуді қамтиды.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының Табиғат жылнамасы жыл сайын 2007 жылғы 18 сәуірдегі №156 орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бекіткен әдістемеге сәйкес жүргізіледі.
Қорықтағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мониторингті бөлімнің 6 қызметкері жүзеге асырады: ботаник, териолог, орнитолог, энтомолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер және зертханашы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі міндеттерді қамтиды:
1.2007 жылғы 18 сәуірдегі №156 Комитет бекіткен әдістемеге сәйкес «Табиғат жылнамасын» жүргізу.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2026 жылғы 28 қаңтардағы №27-03-56 бұйрығымен бекіткен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2026 жылғы 18 ақпандағы №1590 хатымен келісілген 2026–2030 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективалық-тақырыптық жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жыл сайын жүргізу.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №25-03-01/82 қаулысына сәйкес қорық аумағында жабайы жануарларға мониторингтік бақылауларды, сондай-ақ көктемгі және күзгі санақ жұмыстарын жыл сайын жүргізу.
Ғылыми зерттеулер уәкілетті орган бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес жүргізіледі. Аталған жоспар 5 ғылыми тақырыпты қамтиды:
1. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының сирек және эндемикалық өсімдік түрлеріне мониторинг жүргізу».
Зерттеу жұмыстарының міндеттеріне сирек және эндемикалық өсімдік түрлерін, олардың таралу аймақтарын зерттеу мақсатында ботаникалық экспедицияларды ұйымдастыру және жүргізу кіреді. Олардың қазіргі жай-күйіне мониторинг жүргізу, гербарийлік материалдарды жинақтау және қорықтың сирек әрі эндемикалық өсімдіктерінің гербарий қорын қалыптастыру жүзеге асырылады. Сондай-ақ сирек және эндемикалық өсімдік түрлерінің таралу ареалы мен қазіргі жағдайы туралы деректер алу көзделген. Зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есептерінде және Табиғат жылнамасында рәсімделеді. Жыл сайын ғылыми жарияланымдар дайындалып, жарыққа шығарылады.
2. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы мен оған іргелес аумақтардағы жабайы жануарлардың жай-күйі мен динамикасын бағалау. Индикаторлық түрлерді есепке алу».
Зерттеу жұмыстарының міндеттеріне қорық аумағында және оған іргелес аумақтарда жабайы жануарларға мониторингтік бақылаулар жүргізу, сондай-ақ маусымдық есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру кіреді. Қорық экожүйелеріндегі жабайы жануарлардың қазіргі жай-күйі мен санының өзгеру динамикасы туралы есептік деректер алу көзделеді. Зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есептерінде және Табиғат жылнамасында рәсімделеді. Жыл сайын ғылыми жарияланымдар дайындалып, жарыққа шығарылады.
3. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының табиғи экожүйелеріндегі өлексемен қоректенетін жануарларға мониторинг жүргізу».
Зерттеу жұмыстарының міндеттеріне өлексемен қоректенетін жануарларға мониторингтік бақылаулар жүргізу кіреді. Олардың қоректену ареалын анықтау, қорық аумағы мен оған шектес учаскелердегі мекендеу ерекшеліктері мен ұя салу орындарын зерттеу көзделеді. Зерттеу нәтижесінде қорық экожүйелеріндегі өлексемен қоректенетін жануарлардың мекендеу сипаты, қоректену ареалы және ұя салу орындары туралы деректер алынады. Зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есептерінде және Табиғат жылнамасында рәсімделеді. Жыл сайын ғылыми жарияланымдар дайындалып, жарыққа шығарылады.
4. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы мен оған шектес аумақтардың омыртқасыз жануарларын түгендеу. Индикаторлық түрлерді есепке алу».
Зерттеу жұмыстарының міндеттері омыртқасыз жануарлардың түрлік құрамын зерттеу және индикаторлық түрлерге маусымдық бақылаулар жүргізуді қамтиды. Сирек кездесетін, эндемикалық және реликт түрлерді анықтау, сондай-ақ қорықтың коллекциялық қорын қалыптастыру көзделеді. Зерттеу барысында энтомофаунаны түгендеу жүргізіліп, қорық экожүйелеріндегі омыртқасыз жануарлардың индикаторлық түрлерінің қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер алынады. Сонымен қатар сирек кездесетін, эндемикалық және реликт түрлер анықталады.
Зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есептерінде және Табиғат жылнамасында рәсімделеді. Жыл сайын ғылыми жарияланымдар дайындалып, жарыққа шығарылады.
5. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының метеорологиялық жағдайлары мен өзендерінің гидрологиялық режиміне мониторинг жүргізу».
Зерттеу жұмыстарының міндеттеріне климаттық құбылыстарға, сондай-ақ Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының су объектілерінің гидрологиялық режиміне бақылау жүргізу кіреді. Нақты температуралық көрсеткіштерді күн сайын тіркеу, оларды онкүндіктер мен айлар бойынша жүйелеу жүзеге асырылады.Зерттеу нәтижесінде бір жыл ішіндегі метеорологиялық және гидрологиялық деректер жинақталады. Алынған мәліметтер ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есептерінде және Табиғат жылнамасында рәсімделеді. Жыл сайын ғылыми жарияланымдар дайындалып, жарыққа шығарылады.
Бөлім қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес жыл сайын қорық аумағында және оның күзет аймағында ғылыми-зерттеу экспедицияларын жүргізеді.
Зерттеу жұмыстары жабайы жануарлар мен құстарға мониторинг жүргізу және оларды есепке алу, флораны түгендеу және өсімдіктердің индикаторлық түрлеріне фенологиялық бақылаулар жүргізу, энтомофаунаны түгендеу, омыртқасыз жануарлардың индикаторлық түрлеріне мониторинг жүргізу, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерін анықтау, табиғи процестерге мониторинг жүргізу, метеорологиялық жағдайлар мен өзендердің гидрологиялық режимін зерттеу, гербарийлік және коллекциялық материалдарды жинау және оларды зертханалық жағдайда өңдеу жұмыстарын қамтиды. Зерттеу нәтижелері Табиғат жылнамасын жүргізуде, кадастрлық кітапты, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық есептерін дайындауда пайдаланылады. Сонымен қатар олардың қорытындылары жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда және қорықтың жеке ғылыми еңбектер жинақтарында жарияланатын ғылыми мақалаларда жарық көреді.
Қорықтағы ғылыми қызметті ұйымдастыру және жүргізу үшін ғылыми қызметкерлер қажетті далалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген: фототұзақтар, көру түтігі (подзорная труба), бинокль, фотоаппарат, анемометр, GPS-навигация құрылғылары, сондай-ақ энтомологиялық және ботаникалық құрал-жабдықтар.
Қорықтың орталық кеңсесінде микроскоптармен, бинокулярлармен, зертханалық аспаптармен, кітапхана қорымен жабдықталған зертхана бар. Сондай-ақ құстар, омыртқасыздар, сүтқоректілер, қосмекенділер, балықтар, споралы өсімдіктер, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер (Қазақстан мен КСРО аумағы) бойынша анықтағыштармен қамтамасыз етілген.
Ғылыми-зерттеу экспедициялары барысында жыл сайын жиналатын гербарийлік және коллекциялық материалдар қорық зертханасында өңделеді, олардың сәйкестендірілуі (идентификациясы) және таңбалануы (этикеткалануы) жүргізіледі. Осылайша, зертханада жоғары сатыдағы тамырлы өсімдіктердің гербарийлік үлгілерінен, жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерден: мүктер, қырықжапырақтар, қырықбуындардан тұратын ғылыми коллекциялар, сондай-ақ энтомологиялық коллекция және кейбір бауырымен жорғалаушылар түрлерінің коллекциялары сақталады.
Бөлім қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жыл сайын ғылыми жарияланымдарда, монографияларда және ғылыми еңбектер жинақтарында жарық көреді. Электрондық дерекқор жыл сайын ғылыми жарияланымдардың оттискілерімен толықтырылып отырады, мақалалардың көшірмелері бөлімде сақталып, мекеменің жылдық есептеріне тігіледі.
ҚАРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ
ЖАНУАРЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ
Қазіргі уақытқа дейін өсімдіктер дүниесінің әртүрлі бөлімдеріне жататын 1222 өсімдік түрі зерттелген. Олар жалпы алғанда 535 туыс пен 164 тұқымдасқа жатады. Таксономиялық тізімге 201 балдыр түрі, 151 саңырауқұлақ түрі, 75 мүктер түрі, 4 қырықбуын түрі, 6 қырықжапырақ түрі, 2 ашықтұқымды түрі және 783 жабықтұқымды түрі енгізілген.
Қазақстан Республикасының 2014 жылы жарық көрген Қызыл кітабының соңғы басылымына енгізілген өсімдіктер тізіміне 59 түр кіреді. Олардың ішінде саңырауқұлақтардың 1 түрі, қырықжапырақтардың 1 түрі және жоғары сатыдағы тамырлы өсімдіктердің 57 түрі бар.
Эндемикалық өсімдіктер саны – 131 түр. Олардың ішінде микобиотаның 11 түрі, қырықжапырақтардың 1 түрі және жоғары сатыдағы тамырлы өсімдіктердің 119 түрі бар. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы флорасында 85 көне реликт түрі кездеседі, олардың 81 түрі эндемдер болып табылады.
783 жабықтұқымды өсімдіктердің ішінде 168 түрі шаруашылық тұрғыдан маңызды болып есептеледі.
Сүтқоректілердің тізімі 15 тұқымдасқа, 6 отрядқа және 18 туысқа жататын 22 түрді қамтиды. Олардың ішінде 3 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: қаратау аркары, үнді жайрасы және тас сусары. Қазіргі уақытта қорық режимінің сақталуының арқасында қаратау аркары популяциясының орташа динамикалық өсуі байқалуда. Ағымдағы жылы жабайы жануарларды көктемгі есепке алу нәтижелері бойынша арқар саны 1746 басты құрады, оның ішінде 641 аталық, 677 аналық және 428 төл (қаратау арқары төлдерінің саны 2024 және 2025 жылдардағы бірлескен есеп деректері негізінде көрсетілген).
Орнитофауна бүгінгі таңда 15 отрядқа, 40 тұқымдасқа және 84 туысқа жататын 128 құс түрін қамтиды. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына (2010 ж.) енгізілген сирек және жойылып бара жатқан құстардың 12 түрі тіркелген: бүркіт, ителгі, жыланжегіш, дала қыраны, сақалтай, құмай, дуадақ, ақ дегелек, қара дегелек, джек, кіші қыран және үкі. Дуадақ, жыланжегіш, дала қыраны және ақ дегелек көші-қон кезінде кездеседі.
Ихтиофауна Қаратау қорығының барлық ірі өзендерінде кездесетін 5 түрмен ұсынылған: кәдімгі маринка, сұр голец, тибет голеці, Кушакович голеці және түркістан пескары.
Қосмекенділер (Amphibia) 1 отрядтан (Anura), 2 тұқымдастан және 2 түрден тұрады, олардың ішінде Bufo pewzowi Bedriaga (бұрын Bufo danatensis) – Певцов құрбақасы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына (2010 ж.) енгізілген.
Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia) 2 отряд, 7 тұқымдас және 10 түрден тұрады, олардың ішінде 1 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына (2010 ж.) енгізілген – Pseudopus apodus – сарыбауыр немесе глухарь.
Омыртқасыздар фаунасы 3 типке жататын 6 класстан, 31 отрядтан, 178 тұқымдастан және 830 туыстан тұратын 1387 түрді қамтиды. Эндемик түрлердің тізіміне 41 түр кіреді, олардың 20 түрі Қаратау эндемиктері болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек түрлер саны – 16. Реликт түрлер – 4.
Ең құндысы – Орталық Азия аумағында кең таралған эндемик түрлер, олар мұқият зерттеуді және қатаң қорғауды талап етеді. Осылайша, Сырдария Қаратау аумағында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 41 эндемик түр анықталды, олардың ішінде 20 түр Қаратау эндемиктері (Pseudonapaeus secalinus, Ps. asiaticus, Ps. albiplicatus, Zaebozebrinus eremite, Bradybaena cavimargo, Archaica heptapotamica, Pupilla muscorum, P. sterri, P. triplicata, Zyuzicosa turlanica, Tartaroblatta karatavica, Phlepsidius karatavicus, Periphyllus karatavicus, Chilotomus violaceus, Hyponephele jasavi, Syrichtus massageticus, Rhymnaria halimadendroni, R. baitenovi, Athamanthia simurg, Polyphaga saussurei); 2 түрі Қаратау және Талас Алатауы эндемиктері (Phytoecia (Opsilia) aspericollis, Agapanthia (Smaragdula) talassica); 5 түрі Орталық Азия эндемиктері (Haplosoma ordinatum, Blaps granulate, Dailognatha nasuta, Zygaena turchmena, Antheminia eurynota eurynota); 1 түрі Орталық Азия мен Қазақстан эндемигі (Ceraeocercus fuscipennis fuscipennis); 2 түрі Қазақстан эндемиктері (Microdaccus glasunovi, Stenolepta cylindrica); 1 түрі Орталық Азия эндемигі (Synageles ramitus); 2 түрі Тянь-Шань эндемиктері (Harpactus montanus, H. tjanshanicus); 1 түрі Батыс Тянь-Шань эндемигі (Semenoviana plotnikovi); 1 түрі Солтүстік Тянь-Шань эндемигі (Lithoxenus miramae); Оңтүстік Қазақстанның тар эндемиктік реликті түрі (Gylippus (Anoplogylippus) ferganensis); 2 Ирано-Тұран субэндемиктері (Ammophila adelpha, A. occipitalis); 1 Тұран-Иран эндемигі (Catocala optima); 1 Ауған-Түркістан эндемигі (Gylippus rickmersi) және 1 түр – Capnodis miliaris metallica, тетис түрінің Орталық Азиядағы тармағы болып табылатын ортаазиялық кіші түр.
Омыртқасыз жануарлардың эндемик түрлерінің арақатынасы бойынша деректер Қаратау фаунасында эндемизмнің ең жоғары үлесі (20 түр) байқалатынын көрсетеді, бұл анықталған эндемик түрлердің жалпы санының жартысын (50%) құрайды. Бұл көрсеткіш қорық аумағының бірегейлігін дәлелдейді. Қаратау омыртқасыздар фаунасы негізінен таралу аймағы Орталық Азияның таулы өңірлерімен байланысты түрлерден тұрады.
Қазақстан фаунасы үшін алғаш рет 43 түр көрсетіліп отыр, олардың ішінде 4 түр өрмекшітәрізділер (Micaria coarctata, M. kopetdaghensis, Nomisia exornata, Silhouettella cf. loricatula), 8 түр турақанаттылар (Medecticus assimilis, Calliptamus turanicus, Ramburiella bolivari, Chorthippus angulatus (s. str.), Chorthippus (s. str.) parallelus parallelus, Chorthippus (G.) meridionalis, Sphingonotus elegans, Bolivaria xanthoptera), 7 түр қоңыздар (Craphosoma semipunctata, Siagona europaea, Zuphium olens, Meloe (s. str.) ovalicollis, Meloe (Micromeloe) sp., Nargus (Demochrus) turkestanicus, Rethera komarovi boguta) және 24 түр көбелектер (Nargus (Demochrus) turkestanicus, Deilephila suellus, Sphingonaepiopsis kuldjaensis, Rethera komarovi komarovi, Hyles svetlana, H. nicaea sheljuzkoi, Macroglossum stellatarum, Hemaris ducalis temiri, Eublemma parva, E. pallidula, Armada hueberi, Pinacoplus didymogramma, Marsipiophora christophi, Hadena christophi, Agdistis mevlaniella, Gillmeria rhusiodactyla, Porrittia herzi, Marasmarcha sp. n., Ethmia falkovitshi, E. alba, Brachodes staudingeri, Galactica sp. n.).
Қазақстанның Батыс Тянь-Шань аумағы үшін биттерден 7 түр тіркелген (Protaphis aralensis, Brachyunguis cynanchi, Dysaphis (s. str.) foeniculus, Brachycaudus (s. str.) salicinae, Pseudobrevicoryne erysimi, Acyrthosiphon sophorae, Uroleucon jaceae ssp. reticulatum).
Қаратау фаунасы үшін алғаш рет 136 түр тіркелген, олардың ішінде: 3 түр моллюскалар (Vitrina rugulosa, Limnea auricularia, Anisus vortex), 1 түр сольпугалар (Gylippus rickmersi), 3 түр өрмекшітәрізділер (Micaria coarctata, M. kopetdaghensis, Nomisia exornata), 3 түр инеліктер (Ischnura aralenais, Calopteryx virgo, Anax imperator), 11 түр турақанаттылар (Ceraeocercus fuscipennis fuscipennis, Medecticus assimilis, Pezotmethis nigrescens hemipterus, Empusa pennicornis, Calliptamus turanicus, Ramburiella bolivari, Chorthippus (s. str.) angulatus, Chorthippus (s. str.) parallelus parallelus, Sphingonotus elegans, Bolivaria brachyptera, Hierodula tenuidentata tenuidentata), 29 түр теңқанаттылар (Eriosoma ulmipumilae, Sipha elegans, S. maydis, Rhopalosiphum nymphaeae, Protaphis aralensis, P. lactucicola, Brachyunguis cynanchi, Aphis galiiscabri, A. intybi, A. nepetae, A. potentillae, A. ruborum, A. spiraephaga, A. verbasci, Dysaphis (s. str.) ferulae, Dysaphis (s. str.) foeniculus, D. munirae, D. microsiphon, Brachycaudus (s. str.) salicinae, Brachycaudus (Thuleaphis) amygdalinus, Longicaudus trirhodus, Myzaphis turanica, Coloradoa heinzei, Pseudobrevicoryne erysimi, Amphorophora (s. str.) rubi, Acyrthosiphon sophorae, Uroleucon acroptilidis, U. jaceae ssp. reticulatum, U. chondrillae), 35 түр қоңыздар және 51 түр көбелектер.
Ғылым үшін алғаш рет 9 жаңа таксон сипатталған: 1 түр өрмекшітәрізділер (Silhouettella cf. loricatula), 1 түр қоңыздар (Meloe (Micromeloe) sp. – анықтау сатысында), 7 түр көбелектер (Rhymnaria halimadendroni, Rhymnaria baitenovi, Athamanthia simurg, Turanana luisa, Plebejus cambar, Marasmarcha sp. n., Galactica sp. n.).
Қазақстан фаунасы үшін 24 жаңа түр анықталған: 1 түр турақанаттылар отрядынан (Medecticus assimilis), 2 түр қоңыздар отрядынан (Zuphium olens, Nargus (Demochrus) turkestanicus), 21 түр көбелектер отрядынан (Rhymnaria halimadendroni, Rhymnaria baitenovi, Athamanthia simurg, Turanana luisa, Plebejus cambar, Sphingonaepiopsis kuldjaensis, Rethera komaromi komaromi, Hemaris ducalis, Eublemma parva, Eublemma pallidula, Armada hueberi, Pinacoplus didymogramma, Marsipiophora christophi, Hadena christophi, Agdistis mevlaniella, Gillmeria rhusiodactyla, Porrittia herzi, Marasmarcha sp. n., Ethmia alba, Brachodes staudingeri, Galactica sp. n.).
Оңтүстік Қазақстан фаунасы үшін көбелектер отрядынан 5 жаңа түр анықталған: Deilephila suellus, Rethera komaromi boguta, Hyles svetlana, Hyles nicaea sheljuzkoi, Ethmia falkovitshi.
Жоғарыда келтірілген деректер Қаратау қорығы энтомофаунасының бірегейлігін дәлелдейді.







