Өрт қауіпі жоғары маусымға байланысты мекемеде өрттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұйымдастыру және практикалық шаралар жүргізілді.
Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы тексеріліп, өрт сөндіру құралдарының(өрт сөндіргіштер, су көздері, алғашқы өрт сөндіру жабдықтары) жарамдылығы қаралды.
Қызметкерлер арасында өрт қаіпсіздігі ережелері бойынша оқу-жаттығулар оқытылып, нұсқамалар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме және қорық аумағында құрғақ шөптер мен жанғыш қалдықтарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, өрттің таралу қаупін азайту шаралары атқарылды. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі нақтыланып, жауапты тұлғалар бекітілді. Ащысай метео орталығынан күнделікті метеорологиялық мәліметтер уақытылы беріліп отырғанның нәтижесінде, өрттің қаншалықты деңгейде екені анықталып отыр. Қазіргі таңда ауа райы салқындап, жауын-шашынның молынан жауғанының әсерінен өрт дәрежісі I-ші және III кластан аспауда.
Жалпы алғанда, мекеме өрт маусымына толықтай дайын және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.
ҚМТҚ-ның директор орынбасары
Ш. А. Жанатаев







