2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы - Кемпіртас» соқпағында VIl - аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
✔️Оған 40-тан аса Кентау балалар көркемсурет мектебі, Юнеско клубы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - өскелең ұрпаққа туған жеріміздің әсем табиғатына деген сезімін оята отырып, қоршаған ортаны сүюге баулу.
2025 жылдың 21-22 сәуір күндері мемлекеттік инспекторлар қорық және күзет аймағына жапсарлас елді мекен тұрғындарына табиғи өрттердің алдын алу мақсатында өрттің қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар толтырылды.
🔸Қаратау қорығына қарасты Қарғалы қаумалында орман өртінің алдын алу, өрттің шығуын және таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасын тауып, минералдық жолақтар жаңартылды.✔️
ҚР Қызыл кітабына енгізілген грейг және альберт қызғалдақтарының маңыздылығы туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық аншлагтар орнатылды.
Қызғалдақты қорғау - табиғат қорғаудың маңызды қағидасы.
Кентау қаласы ТЖБ және Түркістан облысы ТЖД, МӨББ-нің қызметкерлерімен бірлесіп дала орман өрттерiн алдын-алу мақсатында табиғат аясына шығу кезінде ең басты ереже өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша түсіндіріліп, арнайы дайындаған жадынама парақшалары таратылды.
“Парктер шеруі - 2025” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай ағымдағы жылдың 14 сәуір күні “Хантағы - Кемпіртас” экологиялық соқпағы бойында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен алмұрт ағашының көшеттерін отырғызды.
Аталған іс-шараның мақсаты қоршаған ортаның жай - күйін жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.