Қаратау қорығының 20 жылдығына орай “Жас орманшы - табиғатты қорғаушы!” тақырыбында өскелең ұрпақ арасында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, салауатты өмір салтын ұстану, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу бүгінгі іс-шарамыздың бағыты.
Мектеп оқушылары арасынан құрылған “Жас орманшылар” ұйымының жұмысын жолға қою.
Қоршаған ортаны қорғау идеясын қолдап “Жас орманшылар” ұйымын құрып, ЕҚТА-ға қосқан үлестері үшін мектеп ұжымына алғыс білдіре отырып, жастарға сәттілік тілейміз!