Түркістан облысына қарасты мектептерден туған жер табиғатын құрметтеп сақтауға, жастардың экологиялық білімдерін жетілдіруге, қорық ісі жөніндегі практикалық жұмыстарға дағдыландырумен табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі еңбек өнеріне баулу мақсатында Қаратау қорығы төменде көрсетілген мектептерден “Жас орманшылар” тобын құрды.
1.Сауран ауданы, Нұртас ауылы, Аманкелді жалпы білім беретін мектебі;
2.Созақ ауданы, Абай ауылы, А.Иманов жалпы білім беретін мектебі;
3.Кентау қаласы, Байылдыр ауылы, С.Қожанов атындағы #9 жалпы білім беретін мектеп;
4.Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы #14 мектеп-гимназиясы;
5.”Кентау оқушылар үйі” МКҚК.
Алдағы мақсат - экологиялық ағарту жұмыстарын жандандыру, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікпен қарау.