Әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалға байланысты Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері тиісті жұмыстар жүргізді.
Бейнематериалда көрсетілген азаматтардың қорық аумағына кірмегені, оқиғаның «Жыланды» тау етегінде болғаны анықталды.
Оқиғаға қатысы бар Созақ ауданы, Сызған ауылының 3 тұрғыны анықталып, олардан түсініктеме алынды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Заң бұзушылық фактісі бойынша Созақ аудандық полиция бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы табиғи аумақтарда заң талаптарының сақталуына және жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
🌿 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!







