Ғылыми қызметкер - ғылыми қызметпен айналысатын, бірақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары болып табылмайтын мамандардың лауазымы. Олар мемлекеттік инспектор болып табылады. Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми - техникалық мәліметтерді жинайды, өңдейді, талдайды және жүргізілген ғылыми жұмыстардың теориялық негіздемесін түзеді. Мамандардың біліктілігін арттыруға ат салысады. Өзінің құзіреті шегінде қорық аумағындағы жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлердің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолданады.

1galaweb1