🇰🇿 Республика күні қарсаңында Кентау қаласында «Таза жол – таза орта» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

🌱 Аталған игі бастамаға «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұжымы да белсене қатысып, Кентау қаласының тазалығын сақтауға өз үлесін қосты. Қала аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысқан ұжым қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

💚 Таза қоршаған орта – баршамызға ортақ жауапкершілік. Туған жердің тазалығын сақтау – әр азаматтың парызы!

1galaweb1