Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Луиза Абдурасулова осыған дәлел. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы омыртқасыздар фаунасын зерттеп, жаңа ғылыми жаңалықтар ашып келеді.
🦋 Луиза өзінің жетекшісі б.ғ.к А.Б.Жданкомен Turanana luisa және Plebejus cambar атты екі жаңа көбелек түрін ашып, оларды ғылымға таныстырды. Сонымен қатар, ол 9 жаңа жәндік түрін анықтап, Қаратау аймағындағы 40 эндемикалық омыртқасыз жануарды зерттеді.
🔎 Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз! Луиза сынды жанашыр ғалымдардың арқасында Қазақстанның биоалуантүрлілігі сақталып, зерттелуде.
Толығырақ келесі сілтемеде https://go.undp.org/3gC
#ForAllWomenAndGirls #InternationalWomensDay