Бүгінгі таңда қоршаған ортаны сақтау мен қорғау – қоғамның әрбір мүшесінің азаматтық жауапкершілігін талап ететін маңызды әрі өзекті мәселе. Осыны терең сезіне отырып, мен #ЭкоЧеллендж2025 экологиялық бастамасына белсенді түрде қатысып, өз үлесімді қосуға ниет білдіремін.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлының бастамасымен «Менің қоршаған ортаға қосқан үлесім» атты экологиялық челлендж өз бастауын алды.

Аталған бастаманың басты мақсаты – табиғатты тазарту шараларымен қатар, қоғам назарын экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағыттау. Біз табиғатпен үйлесімді өмір сүргенде ғана таза әрі қауіпсіз болашаққа жол аша аламыз.

1 1 1 1 1 1

1galaweb1