2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 33-бабына, 36-бабына және 139-бабының 1, 3-тармақтарына, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Тургамбаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы № 27-04/92-жқ бұйрығына сәйкес,

Казбек Сейдуллаевич Оразымбетов Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына 2025 жылғы 11 тамыздан бастап 3 (үш) ай сынақ мерзімімен тағайындалды.

Казбек Сейдуллаевич Оразымбетов 2012 жылы «Қазақ ұлттық аграрлық университетін» Орман шаруашылығы ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеде инженер-механик болып бастаған. Кейін «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-де орман қорғау инженері, бас маман, бөлім меңгерушісі,  филиал директорының орынбасары, Түркістан филиалының директоры, Сырдария-Түркістан МӨТП- нің бас директоры, бас директор орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Көп жылғы тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз, табиғатты қорғау саласындағы адал еңбегіңіз жаңа қызметте де жоғары нәтижелерге жетуге негіз болатынына сеніміміз мол.

1

1galaweb1