Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, тілсіз жау десек болады. Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 милионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады.
Жаз – өрт қауіпінің күшейетін кезі. Өрт осы маусымда, елімізде ормандар мен далалық алқаптарында жиі байқалады. Мұның себебі негізінен азаматтарымыздың жаз айларында бұл қауіпті елемей, немқұрайлы қарауынан болып жүр.
Оған далалық өрт деп жеңіл – желпі қарамау керек. Далалық алқаптарда тұтанған өрт маңайындағы жайлымдық жерлер мен елді мекендерге де қауіп төндіреді. Үлкен материалдық шығын әкеледі. Адамдар денсаулығына зиян тигізіп, сақтанбаса өмірлерін де жалмауы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпіне әр кез абай болған жөн. Сондай – ақ, демалған орыннан қайтар кезде отты міндетті түрде сөндіріп кету қажет. Егер де жақын жерде су болмаса, оны топырақпен көму қажет. От шоқтары толық сөнгеніне көз жеткізу қажет. Орман өрттері немесе далалық аумақтар күн сәулесі түсетін ашық алаңдарға тасталған шыны бөтелкесінен немесе темекі тұқылынан көп жағдайда өрттер орын алып жатады. Осы далалық өрттердің алдын алу барысында «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі өз тарапынан өртке қарсы минеральдық жолақтар, мектептер мен мекемелер арасында түрлі іс-шаралар жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде мақалалар жариялап, шаруа қожалықтарымен келісім шарттар жасап және халық арасында өртке қарсы үн парақтар таратумен айналысады.
Өрт оқиғасы орын алған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне шұғыл хабарласуларыңызды сұранамыз.
Ү. Жапаров
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
күзет бөлімінің бастығы