Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жер пайдаланушыларды, фермерлік және шаруа қожалықтарын Дүниежүзілік банк қаржыландыратын PROGREEN жобасы шеңберінде агроорман шаруашылығын жүргізудің инновациялық тәсілдерін (жобалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді қоса алғанда) көрсету мақсатында Қаратау қорығының күзет аймағында орналасқан фермерлік қожалықтар аумағындағы 2 модельді учаскелерді бірінші іріктеуге қатысуға шақырады.
Іріктеудің негізгі критерийлері:
1) жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану шарттарының болуы;
2) учаскенің орналасқан жері, яғни учаскенің су көздеріне, елді мекендерге жақын орналасуы, кірме жолдардың және электр энергиясыныңболуы, жер бедері мен топырақтар;
3) жойылып кету қаупі төнген сирек және эндемикалық түрлердің сезімтал және құнды экожүйелерінің және «сыни» мекендеу орындарының болмауы;
4) агроорман шаруашылығы кіші жобалары үшін қолайсыз қызмет түрлері тізбесінің талаптарын орындау.
Қаратау қорығының күзет аймағында орналасқан фермерлік қожалықтар аумағындағы 2 модельді учаскелерді бірінші іріктеуді құрамына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін комиссия жүргізеді.
Мүдделі фермерлік және шаруа қожалықтары жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша мәліметтерді (жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар немесе жер пайдалану шарты, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы құжат, учаскенің сипаттамасы) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өз өтінімдерін Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияға мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Орманшы тұрғын үй алабы, А.Ысқақов көшесі, № 48/1. 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап 28 қыркүйекке дейін.
Қаратау қорығының күзет аймағында орналасқан фермерлік қожалықтардың аумағында 2 модельдік учаскені бірінші іріктеуді өткізу туралы қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады:
8(7252) 27 – 40 – 93, 8 (775) 694 8826 (Ұлан Жолдасбеков) , 8(777) 885 06 60 (Үсен Жапаров)
Сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.