22.03.2026 ж. Кентау қаласының “Ынтымақ” орталық алаңында “Парктер шеруі – 2026” табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен қатар өткізілді.

✨ Акцияның негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңыздылығын кеңінен насихаттау, қоғам назарын экологиялық мәселелерге аудару және табиғатты қорғау ісіне тұрғындарды, жастарды, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерді кеңінен тарту.

🌱 Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына қорықтың қызметі таныстырылып, табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу және экологиялық ағарту бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қорық аумағындағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайлы мәліметтер ұсынылып, арнайы дайындалған көрнекі материалдар мен үнпарақтар таратылды.

1galaweb1