“Парктер шеруі - 2025” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай ағымдағы жылдың 14 сәуір күні “Хантағы - Кемпіртас” экологиялық соқпағы бойында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен алмұрт ағашының көшеттерін отырғызды.
Аталған іс-шараның мақсаты қоршаған ортаның жай - күйін жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.