5 маусым - “Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау” күніне орай табиғат қорғау акциясының жабылу салтанаты Кентау оқушылар үйімен бірлесе отырып өткізілді.
Іс - шара барысында “Табиғатты аялайық!” тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылып, жұмыстар берілген тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік өнімділік деңгейіне байланысты бағаланды. Сондай-ақ “Парктер шеруі -2024” табиғат қорғау акциямызға белсене қатысқан оқушылар мен жетекшілер алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Оқушыларға белсенділік үшін алғыс айта отырып, жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!
Каратауский Государственный Природный Заповедник