Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат.
Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді.
ОРМАНДЫ САҚТАУ БІЗДІҢ ІС - ӘРЕКЕТІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Ешқашан құрғақ шөпті өртемеңіз, тек арнайы жабдықталған жерлерде от жағыңыз;
Орманда кез-келген қоқысты, соның ішінде оңай жанатын материалдарды қалдырмаңыз: шүберек, пластик, резеңке және т.б;
Ормандарда сөнбеген темекі қалдықтары мен сіріңкелерді тастауға болмайды!
Егер сіз орман өртін байқасаңыз-өртке қарсы қызметтерге 101 нөміріне хабарлаңыз.