2025 жылдың 19 тамыз күні таулы аймақтарда демалушыларға өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында азаматтарға дала және орман өрттерінің алдын алу шаралары түсіндіріліп, отты абайсыз қолданудың қауіптілігі туралы айтылды. Сонымен қатар демалушыларға ашық алаңда от жақпау, темекі қалдықтарын тастамау, әйнек сынықтарын қалдырмау жөнінде ескертулер жасалды.

Жаднама парақшалары таратылып, әрбір азаматтың табиғатты қорғаудағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның басты мақсаты – таулы аймақта өрттің алдын алу, халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатты сақтауға шақыру.

    1 1 1 1 1 1 1

1galaweb1