Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жаңа жыл мерекесі алдындағы кезеңде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту туралы бұйрығына сәйкес «Қаратау МТҚ» РММ-ң табиғи кешендер мен объектілерді күзету қызметі бөлімінің бастығы Ү.Жапаров, аң шаруашылық маманы Н.Нұртазаев және мемлекеттік инспекторлар қорықпен жапсарлас орналасқан елді мекендердің тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын және кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.
Үгіт насихат жұмыстары қорық аумағына іргелес орналасқан Кентау қаласы, Байылдыр, Хантағы елді мекендері және Созақ ауданында таулы аймақта орналасқан Балдысу, Абай ауылдарының тұрғындары арасында жүргізілді.
Жануарлар дүниесін және табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу деректерін анықтау мақсатында резервтік аймақ пен күзет аймақтарында жүргізілген рейд барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.