Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға қорықтың ардагер орманшылары арнайы шақырылып, құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Табиғатты қорғау саласына сіңірген еңбектері мен адал қызметтері үшін бірқатар қызметкерлер мекеме басшысының, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетерлігі, қорық ұжымындағы қуанышты жаңалықтардың бірі – 10 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан тракторшы Эрханов Абдирахман Расулұлы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Биоалуантүрлілікті сақтауға қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі төс белгісімен марапатталды.

Бұл марапат – оның көпжылдық еңбегі мен табиғатты аялаудағы табандылығының, сондай-ақ орман шаруашылығы саласына қосқан зор үлесінің айғағы.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

1galaweb1