2025 жылдың маусым айының 30-шы жұлдызы мен шілде айының 7 -ші жұлдызы аралығында, "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының" ғылыми қызметкері Керимбай Б.С., табиғат пайдалану инженері Джанабатырова Ж.С. мен "Зоология институтының" энтомология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Есенбекова П.А. және аға ғылыми қызметкер Кәрімова Д.Б. мен бірлескен ғылыми далалық экспедиция жүргізілді.
Экспедиция мақсаты: "Батыс Тянь- Шань жабайы жануарларын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында олардың кадастрын жүргізудің ақпараттық жүйесін әзірлеу".
Осы жобаға орай Қазанбұлақ 1, Қазанбұлақ 2, Қошқарата , Ақсай, Көксай, Қабыланды, және Байылдыр, Балтабай, Бұрқата сайларында экологиялық- фауналық материалдар жиналып, ғылыми зерттеу жұмыстарының есебі ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің есептер журналына тіркелді.