Қаратаудың етегінде, яғни қорықтың күзет аймағында бәйшешек гүлдей бастады.
Бәйшешек - көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі.
Бәйшешектің пайда болуы - табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, жаңа өмірдің басталғанының белгісі. Осы себепті оны тек гүл ғана емес, көктемнің алғашқы сүйінші хабары ретінде де қабылдаймыз. Бұл гүлдер адамдардың көңілін көтеріп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
🔴Бәйшешек сирек кездесетін түр ретінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген.
Бәйшешекті жұлмаңыз – табиғатты сақтаңыз!