Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының өсімдіктер дүниесін зерттеу барысында маңызды ғылыми жаңалық анықталды.
Қорық аумағындағы Аққұз тегістігі, Қабыланды сайы, Қазанбұлақ шатқалы және Жыңғылшық сайларында ғылыми қызметкер Джанабатырова Жанат жинаған гербарлық материалдар камералдық өңдеуден өткізіліп, өсімдік түрлері анықталды.
Жиналған гербарлық материалдарды анықтау барысында Қаратау қорығының флорасы үшін жаңа 10 өсімдік түрі тіркелді. Түрлерді ғылыми жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты Г.Б. Сакауова анықтады.
🌱 Жаңа анықталған түрлердің ішінде 4 эндемдік өсімдік бар:
1. Limonium leptophyllum (Schrenk) Ktze. Rev. — Кермек узколистый
2. Lagochilus tianschanicus N. Pavl. — Зайцегуб тяньшанский
3. Trichanthemis karataviensis Rgl. et Schmalh. — Трихантемис каратавский
4. Cousinia arachnoidea Fisch. et Mey. — Кузиния паутинистая
🌿 Қаратау флорасы үшін жаңа анықталған басқа түрлер:
5. Cynanchum sibiricum — Цинанхум сибирский
6. Viburnum opulus L. — Калина обыкновенная
7. Ranunculus acer L. — Лютик едкий
8. Linum olgae Juz. — Лен Ольги
9. Saussurea elegans Ledeb. — Соссюрея изящная
10. Karelinia caspia (Pall.) Less. — Карелиния каспийская
🔬 Бұл жаңалық Қаратау өңірінің өсімдіктер дүниесінің әлі де толық зерттелмегенін және қорық аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді.
🌱 Әрбір жаңа түр — Қаратаудың табиғи мұрасын тереңірек тануға жасалған маңызды қадам!
#ҚаратауҚорығы #ҚаратауФлорасы #ҒылымиЖаңалық #ӨсімдіктерӘлемі #ЭндемдіӨсімдіктер #Гербарий







