📸 14–15 қазанда Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.
🏔️ Қаратау — сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың мекені. Бұл жолы журналистер төңірегін ерекше табиғатын жақыннан көріп, оны өңірдің ерекше табиғатын қорғау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанымен танысты.
🦅 Пресс-тур барысында БАҚ өкілдеріне қорықтың биоалуантүрлілігі, сирек кездесетін түрлерді сақтау, ғылыми зерттеулер мен табиғатты қорғау жұмыстары туралы ақпарат берілді.
🌱 Журналистер қорық мамандарының күнделікті қызметімен танысып, табиғи байлықты сақтау жолындағы еңбектерін көпшілікке жеткізуге мүмкіндік алды.
💚 Қаратаудың табиғаты — еліміздің баға жетпес байлығы. Оны қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстарды жұртшылыққа таныстыру да маңызды.







