Құстар әлемі әрқашан өздерін тамсандырып, адамдардың назарын өздеріне аудара білген. Олар жер шарының кез келген жерінде солтүстік мұзды мұхиттардан бастап, ну ормандарда, шөлдер мен шөлейттерде, халқы тығыз болатын қалаларда мекен етеді. Жыртқыш құстар әдетте Антарктидадан басқа құрлықтардың бәрінде тіршілік етеді. Дене тұрқына қарай 60 грамнан 12 килограмға дейін жетеді. Қазақстан аумағында әр мезгілдерде құстардың 500-ден аса түрі кездеседі, ал оның ішінде 126 құс түрлері Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездеседі. Олардың 20 түрі жыртқыш құстар. Атап айтсақ: қаракезқұйрық, түз құладыны, дала құладыны, шалғын құладыны, саз құладыны, қаршыға, қырғи, тілеміш, жыланжегіш, бақалтақ қыран, дала қыраны, бүркіт, сақалтай, жұртшы, тазқара, ақбасқұмай, ителгі, жағалтай, дала күйкентайы, кәдімгі күйкентай. Отырықшы түр ретінде бүркіт, тілеміш, сақалтай, кәдімгі күйкентай кейде тазқара, ақбасқұмай құсы қыс мезгілінде де кездесіп тұрады. Ең ірі түрлері тазқара ақбасқұмай, дала қыраны, бүркіт, жұртшы, сақалтай. Қазақстанның қызыл кітабына енгізіліп қорғауға алынған 7 түрі жыланжегіш, бақалтақ қыран, дала қыраны, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі бар. Ұяларын әдетте

1

биік жартаста, беткейде өскен бұта басына салады. Ірі түрлері 1-3 данадан, ұсақ жыртқыштар 4-7 данадан жұмыртқасын аналығы мен аталығы бірігіп басады, балапандарын да бірлесіп қоректендіреді. Қорегін іздеуі, қорегінің құрамы жыртқыш құстардың әр түрінде әртүрлі болады. Басым көпшілігінің негізгі қорегі -  ет. Негізінен кеміргіштермен, зиянкестермен, бауырымен жорғалаушылармен, кейбірі өлексемен қоректенеді. Ішінде өлексе қоректі санитарлық рөль атқаратын жұртшы, сақалтай, ақбасқұмай, тазқара құстары да жиі кездеседі.

 Қаратау МТҚ ғылыми қызметкері А. Туребаев

1galaweb1