11–13 наурыз күндері аралығында Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында жабайы жануарлардың көктемгі санағы өтті.
Санақ жұмыстары қорықтың мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар мекеме басшысы Қ. Оразымбетов санақ барысына арнайы қатысып, бақылау жүргізді.
Зерттеу барысында арнайы маршруттар бойынша жүріп өту әдісі қолданылып, жануарлардың ізі, тіршілік белгілері және тікелей бақылау арқылы деректер жиналды.
Көктемгі кезеңде жануарлардың белсенділігі артатындықтан, бұл уақыт олардың санын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді. Санақ нәтижелері жабайы жануарлардың популяциясын бақылауға, сирек кездесетін түрлердің жағдайын бағалауға және табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлауға негіз болады.
Қаратау қорығында жүргізілетін мұндай ғылыми жұмыстар биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады.







