Түркістан облысы білім басқармасының Кентау қалалық білім бөліміне қарасты №7 Ж. Жабаев атындағы, №8 М. Горький атындағы шағын жинақты мектептері мен №17 А. Науаи атындағы жалпы орта мектебінің 7–11 сынып оқушыларына арналған экологиялық ағарту іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында лекциялар мен тәрбие сағаттары аясында жергілікті мектеп оқушылары арасында «Қаратау қорығында Сиверс алма ағашын сақтаудың маңызы» тақырыбында сабақтар өткізілді.
🌱 Сабақ барысында оқушыларға Сиверс алмасының табиғаттағы орны, оның биологиялық ерекшеліктері, сирек кездесетін түр ретінде қорғаудың маңызы және табиғи мұраны сақтау жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Экологиялық білім беру – жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы.
🌍 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!







