Түркістан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 3 тамыздағы №38-Н бұйрығына сәйкес, аңшылық объектілерінің жекелеген түрлері бойынша аң аулау мерзімдері белгіленді.

🦊 Қарсақ, түлкі — 1 қарашадан 2027 жылғы 15 ақпанға дейін.

🐇 Құм қояны — 1 қарашадан 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін.

🐦 Бөдене, кептер, түркептер — 20 тамыздан 30 қарашаға дейін.

🦆 Маймаққаз, қаз, қарашақаз, үйрек, қасқалдақ — 12 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

🐦 Шіл — 5 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.

🦡 Борсық — 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін.

🐗 Қабан — 5 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

🦌 Сібір елігі — 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

🐦 Кекілік — 1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін.

🪶 Қырғауыл — 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін (аң аулайтын иттермен және 1 қазаннан бастап аңшы құстармен).

⚠️ Назар аударыңыз!

Аң аулау мерзімдерінің белгіленуі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін өзгертпейді.

«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының» аумағында жабайы жануарлар мен аң-құстарды аулауға қатаң тыйым салынған.

Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз! 🌿

Заң талаптарын сақтап, жануарлар дүниесіне ұқыпты қарайық.

IMG 7262

1galaweb1