Күнгей мен теріскейді бөліп тұрған қарт Қаратауда мекен етіп келе жатқан бірегей эндем - Қаратау арқары, көрсең көзің тоймайтын ғажап аң. Қорық құрылғанға дейін бұл жануардың саны жойылып кету қауіпі деңгейіне жеткен. Қаратау қорығы құрылған жылы небәрі 38 бас арқардан қазіргі таңда 1317 басқа жетіп отыр.

Қаратау арқары қорық аумағында жыл мезгіліне қарай көшіп-қонып жайылымдарын ауыстырып отырады. Жазда тау бөктерлерінің ыстық болуына байланысты арқарлар биіктерге көтеріліп кетеді. Қаратау тауы биік тау болмағанымен қыс мезігілінде оның биік жоталарына қар қалың түсіп, қатты аязды суық болады. Осы кезеңде арқарлар таудың күнгей бетіне ауып, көбінесе Біресік, Байылдыр, Жыңғылшық сайларында қыстайды, себебі мұнда теріскеймен салыстырғанда қар деңгейі төмен және көктемде қар ертерек ериді. Көктем келіп қар ери бастаған мезетте алғашқы көктем жаршысы бәйшешектің гүлдерімен қоректенеді және  шырыштар мен қаратау жуасының алғаш шыққан жапырақтарының басыменде қоректенетіні байқалды.

Қазіргі уақытта қорық аумағының барлық жерінде арқарлардың шоғырлануы тіркелуде. Қазір оларды қорық аумағынан жылдың барлық мезгілінде бақылауға болады, себебі мазалау факторының жоқтығынан арқарлар қорық аумағынан басқа аймақтарға қоныс аударуы азайды.

Арқарлардың ең көп шоғырланатын жері Суалма, Түйетас сайлары, Бессаз тауының жоғарғы жағы және Қазанбұлақ шатқалы. Күйек уақытында 50 бастан 200 басқа дейінгі даралардың шоғырлануы байқалады. 

                                                                            Ш.Ә.Жанатаев

«Қаратау МТҚ» РММ директорының орынбасары

 1 1

1galaweb1