20 жылдық тарихы бар Қаратау қорығы – еліміздегі ең жас табиғат қорғау мекемесінің бірі. Экологиялық ағарту және туризм бөлімі Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 заңының 42 бабына сүйене отырып қызмет атқарады. Қорықтың экологиялық-ағартушылық қызметi: биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ете отырып экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.

Мектеп оқушылары, студенттер және жалпы тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу – мекемедегі экоағарту және туризм бөлімінің негізгі бағыты болып табылады.

Жыл сайын 22 наурыз бен 05 маусым күндері аралығында «Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясы аясында «Халықаралық құстар күні», «Қызғалдақтар күні», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Жер күні» аттыіс шаралары өткізіліп, келушілерге оқу – семинар сабақтары мен түрлі бейнероликтер таныстырылып, экскурсия ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Қорықтың  табиғаты жалпы ұлттық құндылық болып табылады. Туризм мен табиғат аясында мәдениетті демалу – келушілерге табиғаттан ләззат алып, жергілікті өсімдіктер мен жануарлармен танысып, қоршаған ортаға араласуына ықпал етеді. Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – туризмді дамыту арқылы, жергілікті халықтың игілігіне жаратылуға тиіс – бірегей табиғи, тарихи және мәдени құндылықтарға ие.Жергілікті халықтың экотуристерге қызмет көрсету ісіне кеңінен тартылуы, жергілікті биоалуантүрліліктің сақталуына пайдасын тигізеді. Табиғатты туризм кешені есебінде сақтауды қолдаушылар қатары артады. Қазіргі таңда экологиялық туризмді дамыту қорықтың негізгі мақсаты болып табылады.

Қорықта 2 (екі) экскурсиялық соқпақ келушілерге ұсынылады. Олар: «Хантағы-Кемпіртас» ғылыми-танымдық және «Сарыүңгір-Тектұрмас» туристік-экскурсиялық соқпақтары.

Қорықтағы соқпақтар негізінен шектеулі түрде келушілерді қабылдап, арнайы экскурсовод немесе сүйемелдеушімен ғылыми – танымдық жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса соқпаққа келушілерге  ежелгі заманда тасқа  қашалып жазылған петроглифтерді, Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін Қаратау арқары мен басқа да жануарларды, флора өкілдерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары экоағарту жұмыстарының нәтижесінде қорыққа іргелес орналасқан ауыл және қала мектептерінен «Жас орманшылар» тобы мен «ЭКО ERIKTI» ұйымымен ынтымақтастық меморандумы бекітілді.

Қорық қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға табиғатты аялау, қорғау тақырыптарында экоағарту түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, экологиялық мәдениет ұғымын жоғарылатуға өз септігімізді тигізудеміз деген ойдамыз.

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

Экоағарту және туризм бөлімі

1galaweb1