Еліміздің флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде дәрілік өсімдіктерге өте бай. Қазір елімізде 500-ден астам дәрілік өсімдіктер өседі деп есептеледі, алайда олардың саны одан көп болуы мүмкін. Жалпы дәрілік өсімдіктер қатарына дәрілік өсімдіктер, оларға жақын түрлер, халықтық медицинада қолданылатын өсімдіктер мен биологиялық белсенді заттардың көздері кіреді. Егер осыны ескеріп есепке алатын болсақ дәрілік өсімдіктердің қатары бірнеше есеге көбейетіні сөзсіз. Ертеректе дәстүрлі медицина дамымаған уақытта халық арасында емшілер халықтық медицинаның қыр сырын меңгеріп алдына келген науқасты дәрілік шөптерден жасалынған дәрілердің көмегімен емдеген.

Қаратау қорығында ботаникалық зерттеулер нәтижесінде қазіргі кезге дейін өсімдіктердің 1221 түрі анықталды. Жалпы олар  534 туысқа, 164 тұқымдасқа біріктірілген:  201 балдырлар түрі;  150 саңырауқұлақтар түрі, 75 түр Мүктәрізділер, 4 түр Қырықбуындылар, 6 түр Шаңжапырақтылар, 2 түр Ашықтұқымдылар, 783  түр Жабықтұқымдылар.    Қазақстанның Қызыл кітабының 2014 жылғы жаңа басылымына 58 түрі кірді, оларға шаңжапырақтың – 1 түрі, жабықтұқымдылардың – 56 түрі және саңырауқұлақтың – 1 түрі енді. Эндемді өсімдіктердің саны 131 түр, олардың 11 түрі саңырауқұлақтар, 1 түрі шаңжапырақ және 119 түрі жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер. Қаратау қорығының флорасында 85 өсімдіктер ежелгі реликттер, оның ішіндегі 81 түрі эндемдер. 783 жоғары сатыдағы өсімдіктердің  168-ның  шаруашылық маңызы бар, бұның ішінде 60-қа жуығы дәрілік және халық арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер. Оларға: Equisetum arvense, Dryopteris filix-mas, Ephedra equisetina, Ephedra equisetina, Elytrigia repens, Urtica dioica, Plantago major, Polygonum aviculare, Thlaspi arvense,  Capsella bursa-pastoris, Silene brachuica, Pyrus regelii, Rosa cinnamomea, Rosa beggerana, Potentilla dealbata, Geum urbanum, Vexibia alopecuroides, Melilotus officinalis, Tribulus terrestris, Peganum harmala, Rhamnus cathartica, Gentiana olivieri, Hypericum scabrum, Hypericum perforatum, Patrinia intermedia, Helichrysum maracandicum, Eminium regelii, Thlaspi arvense, Scutellaria immaculata, Ziziphora bungeana,  *Thymus karatavicus, Mentha asiatica, Leonurus turkestanicus, Verbascum songoricum, Hyoscyamus niger, Dodartia orientalis, Rubia tinctorum, Patrinia intermedia, Achillea millefolium, Achillea biebersteinii, Inula grandis, Tanacetum  vulgare, Artemisia absinthium,  Artemisia  leucodes, Artemisia cina, Tussilago farfara, Centaurea cyanus, Centaurea  iberica, Cichorium lintybus, Taraxacum officinale, Onopordon acanthum және т.б. жатқызамыз.

Қорық аумағында кейбір өсімдіктерге химиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде, олардың құрамынан адам ағзасына пайдалы қосылыстардың, микроэлементтердің бар екендігі анықталды. 2009 жылы Г.Б.Сакауованың ұсынысымен бұрын зерттелмеген кейбір эндемді өсімдіктердің фитохимиялық қасиеттерін зерттеу үшін «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі материалдар жинақтады. 2004-2014 жылдар аралығында 150 түрдің үлгілері жиналды, олар: *Rhaphidophyton regelii (Bunge) Iljin –Регел тарбақайы, Silene guntensis B. Fedtsсh. – ғұнт сылдыршөбі, Silene brachuica Boiss. – брагуялық сылдыршөп, *Meristotropis erythrocarpa Vass. – қызылжемісті тікенбұршақ, Haplophyllum perforatum Kar. & Kir. – Шілтержапырақты тұтасжапырақ, *Eryngium karatavicum Iljin – қаратау көкбасы, *Schrenkia kultiassovii Korov. –Культиасов батаны, Prangos pabularia Lindl. – азақтық сайсабақ, *Prangos equisetoides Kuzm. – қырықбуынтәріздес сайсабақ, *Ferula ceratophylla Regel et Schmalh. – Мүйізжапырақты сасыр, Ferula tenuisecta Korov. – Жапырағы ұсақ тілімделген сасыр, Acantholimon albertii Regel. – Альберт кемпіршөбі, Scutellaria immaculata Nevski ex Juz. – Дақсыз томағашөп, *Dracocephalum karataviense Pavl. & Roldug. – Қаратау жыланбасы, *Salvia trautvetteri Regel – Траутфеттер сәлбені, Salvia macrosiphon Boiss. – Ұзынтүтікті сәлбен, *Thymus karatavicus A. Dmitr. ex Gamajun. – Қаратау жебірі, Ziziphora tenuior L.Жіңішке көкемарал н/е киікоты, *Cylindrocarpa sewerzowii (Regel) Regel – Северцов цилиндржемісі, Achillea biebersteinii Afan. – Биберштейн мыңжапырағы, *Lepidolopha karatavica Pavl. – Қаратау сетені, *Тanacetopsis pjataevae (Kovalevsk.) Karmyscheva – Пятаева ақүрпегі, * Tanacetum turlanicum (Pavl) Tzvel.  – Тұрлан түймешетені, *Artemisia karatavica Krasch. & Abol. ex Poljak. – қаратау жусаны, *Cousinia mindshelkensis B. Fedtsch. – мыңжылқы көбенқұйрығы, Cousinia pseudomollis C. Winkl. – Жалған жұмсақ  көбенқұйрық, Cousinia karatavica Regel et Schmalh. – қаратау көбенқұйрығы, *Jurinea suffruticosa Regel – Жартылайбұталы ақжапырақ, Rhaponticum кaratavicum Regel et Schmalh. – Қаратау аюдәрісі, Scorzonera tau–saghyz Lipsch. & Bosse – тау-сағыз.

Зерттеу нәтижесінде бұрын соңды зерттелмеген Rhaponticum кaratavicum Regel et Schmalh. Құрамына химиялық зерттеу жүргізіліп, оның жер бетіндегі бөлігінен гвайан типіндегі 8α-метакрилокси-3β, 4α-дигидрокси-15-ацетокси-5,7α, 6 β(Н)-гвай-10(14), 11(13)-диен-12,6-олид, 8α-(4’-гидроксиметакрилокси-)-3β,4α-дигидрокси-15-ацетокси-5,7α, 6β (Н)-гвай-10(14), 11(13)-диен-12,6-олид и 8α- (4’-гидроксиметакрилокси-)-3β-гидрокси-5,7α,6β(Н)-гвай-4(15,) 10(14),11(13) -триен-12,6-олид сесквитерпенді лактондар бөлініп алынды. Бұдан бөлек қаратау сетенінен бұрын  Artemisia tridentate – құрамынан анықталған А және В типті татридиндер, Jurinea suffruticosa Regel. және Cousinia mindschelkensis B.Fedtsch.  құрамынан майтәріздес зат бөліп алынды.

 Халық медицинасында пайдаланылатын өсімдіктердің шамасын дүрыс өлшеп, пайдаланған жағдайда ағзаға өте пайдалы. Мысалы, улы өсімдіктер қатарына жататын Коральков шаяноты (Arum korolkowii) мен Регель күшаласының (Eminium regelii) өте аздаған мөлшерін қымызға араластырып пайдаланатын болса, онда ол ұзақ мерзімді суықтан ауырған адамның күш қуатын қалпына келтіретін қасиетке ие.

Айта берсек, өңірімізде жергілікті халық емдік үшін пайдаланатын өсімдіктер қатары таусылмас, қорыта айтарымыз өзгеден ақшаға сатып алатын дәрі-дәрмек кейбіріміздің ауламызда тегін өсіп тұр. Сондықтан ауламыздағы өсімдіктерді жаппай жұлып тастамас бұрын олардың арасынан пайдалы түрлерді ажыратып үйренейік.

А.Асылбекова

«Қаратау МТҚ» РММ-нің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері

 

1galaweb1