Қоныс аударатын құстар – табиғаттың ғажайып саяхатшылары. Олар жыл сайын мыңдаған шақырым жолды басып өтіп, әртүрлі экожүйелерді байланыстыратын маңызды буын болып табылады. Бұл құстардың экожүйедегі рөлі көп қырлы және ауыстырып болмайтындай маңызды. Олардың басым көпшілігі – жәндіктермен қоректенеді. Көктемде және жазда олар миллиондаған зиянкестерді (көбелектердің жұлдызқұрттары, қоңыздар) қорек етеді. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын немесе орманды ағаштардың ауқымды түрде зақымдаудан сақтайды. Жалпы алғанда, қоныс аударатын құстар жыл сайын зиянкестер санын орасан зор дәрежеде азайтып, экожүйенің тепе-теңдігін сақтайды.

Кейбір түрлері өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Тұқымдарды асқазан-ішек жолынан өткізіп немесе жолда төгіп тастау арқылы олар өсімдіктердің жаңа аймақтарға таралуына ықпал етеді. Бұл өсімдіктердің генетикалық алуантүрлілігін сақтауға және өртеніп кеткен не бұзылған жерлердің қалпына келуіне көмектеседі. Олардың ұшып келу мезетінің өзгеруі, санының азаюы немесе миграция жолдарының бұзылуы климаттың жылынуы, ластану немесе тіршілік ортасының бұзылуы сияқты жаһандық проблемалардың ерте сигналы болып табылады.

123312

Қаратау қорығы аумағында құстардың 128 түрі кездеседі. Соның ішінде: 72 құс түрі қоныс аударып тұратын түрлер, 20 – отырықшы, 12 – қыстауға ұшып келетін, 23 – қоныс аудару кезінде кездессе, 1 – түрі ғана қоректену мақсатында ұшып келген кездейсоқ кездескен түрге жатқызылды. Қоныс аударатын құстар әртүрлі континенттер мен экожүйелерді (тундра, тайга, дала, шөл, тропиктік ормандар) байланыстырады.

Қоныс аударатын құстар – экожүйедегі күрделі қоректік тордың маңызды бөлігі. Олар зиянкестермен күреседі, өсімдіктердің таралуына көмектеседі, тозаңдандыруды жүзеге асырады, жыртқыштарды азықтандырады және экологиялық өзгерістерді көрсетеді. Осы себепті оларды қорғау – бүкіл экожүйенің тұрақтылығын сақтаудың кепілі. Қоныс аударатын құстардың миграциялық жолдарын қорғау, олардың тіршілік ортасын сақтау және аулауға шектеу қою – адамзаттың басты міндеттерінің бірі.

 

Қаратау МТҚ ғылыми қызметкері А. Туребаев

1galaweb1