Қазіргі таңда туризм саласы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Бірақ көп адамдардың туризм түсінігі тек ыңғайлы қонақүйлер мен табиғи орындарға баруды ғана қамтиды. Алайда, экотуризм деген түсінік бар, ол тек табиғаттың сұлулығын көру ғана емес, сонымен қатар оны сақтауға, қорғауға бағытталған іс-әрекеттерді қамтиды.

Экотуризм — бұл табиғаттың керемет сұлулығын тамашалап, жергілікті экожүйелерді сақтауға, табиғат қорғауға үлес қосатын туризм түрі. Мұнда саяхатшылар табиғи аймақтарға барып, тек табиғатты зерттеу ғана емес, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан тұрақты әрі жауапкершілікпен әрекет етуді мақсат етеді. Экотуризмнің басты мақсаты — табиғатты қорғау мен оны зерттеу, бірақ сонымен бірге туристердің осы экологиялық ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар арқылы білім алуына мүмкіндік жасау.

          Экотуризм — бұл болашақ ұрпаққа таза әрі қорғалатын табиғат сыйлау үшін жауапкершілікті түрде саяхаттау. Табиғат пен адам арасындағы байланысты нығайтып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру арқылы экотуризм біздің экологиялық мәдениетіміздің қалыптасуына ықпал етеді. Әрбір адам экотуризмге қатысып, табиғаттың сұлулығын сақтауға өз үлесін қоса алады. Экотуризмді таңдаңыз, табиғатты қорғаңыз және оның байлығын болашақ ұрпақтарға қалдырыңыз!

Экоағарту және туризм бөлімінің экоағарту маманы

                            А.Бектурганова

1galaweb1
Loading...