ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылы Түркістан облысы бойынша экология департаментінің рұқсатымен, зиянды қалдықтардың  7-түріне паспорт жасатылған. Экологиялық кодекстегі заң талабына сәйкес «ҚМТҚ» РММ-сі 11-нысанға, жойылатын қалдықтарға және техника қауіпсіздігі құралдарына түгендеу жұмыстары жасалып, ағымдағы жылы қажетті қаражат көзі есептеліп, мемлекеттік бюджеттке өтінім беріледі.

Сол аралықта қалдықтарды жою мекемелеріне, өзімізге тиімді баға ұсынысы арқылы хабарласып, олармен жыл басында екі жақты келісім шарт негізі жасалынады. Берілген тапсырысқа қарай түгендеу жұмыстарының  нәтижесі бойынша, жыл соңына дейін мекеменің арнайы сақтау орындарында, жойылатын қалдықтар  уақытша сақталады. Арнайы рұқсаты бар келісім шарт негізінде, қалдықтарды жою және кәдеге жарату мекемесі, хабарлаған уақытта келіп өздерінің арнайы техникасы және қол күшімен артып, арнайы өңдеу орындарында залалсыздандырып және керегін кәдеге жаратады. Баға ұсынысына сәйкес жиналған қалдықтарды жою және кәдеге жарату мекемесімен екі жақты келісім шарт негізінде жыл соңына қарай қабылдап өткізу актісі бойынша жұмыстар атқарылып, қалдықтар толығымен заң талабына сәйкес, «ҚМТҚ» РММ-сі аумағынан шығарылады. Бұл жұмыстардың барлығы, мекеменің бюджетінде есептеліп  жоспарланған  қаражат көзімен атқарылады. Жыл соңында атқарылған іс шаралар бойынша, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы, oos.energo.gov.kz  сайытында, жылдық түгендеу есептері, өз мезгілдерінде ЭЦҚ арқылы тапсырылады.

1galaweb1