ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған. Бұл заңның басты мақсаты- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оның жолын кесу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандарды әшкерелеу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа – қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, көрінеу жалғандық жасау, сеніп тапсырылған мемлекет мүлігін иеленіп алу немесе ысырап ету жатады. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары түзіліп, жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылып отырады. Ондағы мақсат бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған жағдайда оларды жою жөнінде заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау, азаматтармен қарым-қатынаста сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, осындай әрекеттер орын алған жағдайда қайда қалай хабарлау керек екендігін түсіндіру, мекеме қызметкерлерін жаппай құқықтық оқыту. Сонымен қатар, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде жиналыстар өткізіліп тұрады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген кесте бойынша 2024 жылдың мамыр айында «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де құрылымдық бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау мекеменің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас тәуекелдерін анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттарында жүргізілді.

Мекеменің кіре берісіне азаматтарға арналған сенім жәшігі қойылып, сыбайлас жемқорлық әрекеттер орын алған жағдайда хабарлама беру үшін саII орталықтың 1424 телефон нөмірі ілінген тақтайша қойылған, сонымен қатар, БАҚ бетінде тоқсан сайын басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі мен мекеменің сенім телефоны жарияланады.

«Қаратау МТҚ» РММ заң кеңесшісі Қ.Жарменова

1galaweb1