Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді. Заң бойынша кез-келген адам осы жамандыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ат салысатын тұлға мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді. («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-бабының 3-тармағы).
Мұндай тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болған жағдайда бұл туралы келесідей хабарлауға болады: Мобильді телефоннан немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет.
Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлері мыналар: пара беру, пара алу, парақорлықта делдалдылық жасау, қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану, қызметтік жасанды іс, сондай-ақ басқа да қылмыстар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаза өте ауыр: ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметке тағайындалуға өмір бойы рұқсат берілмеу, мүлкін тәркілеу сияқты жаза түрлері қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қоғамға зиянын тигізіп қана қоймай, нәтижеге кепілдік бермейтінін ұмытпауымыз қажет. Шынында да, сыбайлас жемқорлық схемасында кім көп берсе алады, сол жеңеді. Бірақ қорқыныштысы, жемқорлықпен айналысу адамның өзінің санасына нұқсан келтіретіні анық. Соның салдарынан бүкіл қоғам зардап шегері сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықтың құқықтық білімінің аздығынан, сондықтан, қандай да бір заңға қайшы әрекет орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігін толық білуінің маңызы зор. Қазақстан Республикасының заңдарына қарсы әсер ететін сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына ықпал ететеін себептер мен жағдайлар назардан тыс қалмауы тиіс.
Сондықтан, келешек ұрпағымызбен еліміздің гүлденуі үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеп, сыбайлас жемқорлық ұғымын одан тудыратын қауіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлыққа қары төтеп беруді жастарға үйретудің маңызы зор екенін түсіну керек. Жастардың алған білімі олардың өмірде сыбайлас жемқорлықтың ешбір көріністерімен байланыспауына көмектесетіндей болуы тиіс.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
РММ заңгері К.Жарменова