Сыбайлас жемқорлық қоғамдық даму жолында бар және ол мемлекеттік режимнің имиджіне өте теріс әсер ететін басты проблемалардың бірі болып қала береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саяси-құқықтық міндеттердің бірі болып табылады, жаһандық маңызы бар және қызметтің басым бағыты ретінде айқындалған.

Сыбайлас жемқорлықтың көріністері қоғамға елеулі зиян келтіреді, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендетеді, олардың беделіне нұқсан келтіреді және халықтың әлеуметтік бытыраңқылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалау басқармасы іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр..

Қаратау қорығында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары 19.01.2024 жылғы «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ «2024 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 1/1-11-9 санды бұйрықпен бекітілген. Жоспарда жалпыға бірдей үгіт-насихатты күшейту, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, азаматтармен қарым-қатынаста сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, осындай әрекеттер орын алған жағдайда тез арада хабарлау, мекеме қызметкерлерін жаппай құқықтық оқыту жөнінде толық қамтылған.

Қызметкерлер арасында еңбек және өрт қауіпсіздігі, қызметтік қару ЕҚТА туралы заңы, ҚР ӘКБтК-нің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес талаптары жөнінде жалпы оқыту, білімін тексеру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды және хаттамалары түзілген. Барлық өткізілген жиналыс, сабақтар саны 9.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген кесте бойынша 2024 жылдың мамыр айында «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де құрылымдық бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Мекеменің кіре берісіне азаматтарға арналған сенім жәшігі қойылып, сыбайлас жемқорлық әрекеттер орын алған жағдайда хабарлама беру үшін саII орталықтың 1424 телефон нөмірі ілінген тақтайша қойылған, сонымен қатар, БАҚ бетінде тоқсан сайын басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі мен мекеменің 4-03-71 сенім телефоны жарияланады.

Қаратау МТҚ заң кеңесшісі

К.Жарменова

1galaweb1