Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып
отыр. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық
қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет
өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу,
пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз
жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған
жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге
немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу,
лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау,
осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану
арқылы жасалады.


Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру
керектігінің маңызы зор.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың
бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер
әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының
негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік саясаттың негізгі асымдықтарының бірі мемлекет беделіне нұқсан
келтіретін сыбайлас жемқорлық әрекеттермен күресу.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан әрбір
азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе білуі тиіс. Ол үшін азаматтардың құқықтық
сауаттылығын арттыра түсуге басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе өсіп келе жатқан
жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жиілеп жүргізу қажет. Сыбайлас
жемқорлықпен түбегейлі күрес жүргізе отырып, мемлекет қаражаттарын талан-таражға
салуға жол бермеу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл ел болып бірлесе күресу
баршамыздың басты міндетіміз.
Қаратау қорығының заңгері
К.Жарменова

1galaweb1