Жыл сайын жаңа жыл мейрамы жақындағаннан бастап қылқан жапырақтыларға қауіп төне бастайды.Бұл әсіресе, орманшылар үшін мазасыз кезең, себебі бір күндік қызық үшін орман сәнін отайтындардың саны көбейеді.Мұның алдын алу үшін осы кезеңде елімізде күзет күшейтіліп, қорықшылар күні-түні орман ішін торуылдайды.
Біздің елімізде табиғаттың осындай байлықтары қатаң қорғауға алынған. Қылқанжапырақтылар – сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымдылар класына жататын өсімдік. Қылқанжапырақтылар қала аудандарын көгалдандыру үшін қолданады. Өте баяу өсетін болғандықтан, қымбат бағаланады. Қарап тұрсақ, бір шыршаның өсуі үшін 10-15 жыл уақыт қажет болса, қаскөйлер сол шыршаны 15 минут ішінде қырқып алып сатуға шығарады. Ал адамдар мейрамнан кейін оны далаға лақтырып тастайды.
Қылқанжапырақты орман ішінде жүрген кезде тыныс алу жеңіл болып көрінеді, өйткені ол жерде ауа фитонцидтерге бай. Бұл биологиялық активті заттар адам организміне түскен соң көптеген микробтар мен вирустарға, соның ішінде туберкулез таяқшаларына да қарсы тұруға көмектеседі. Мұндай орманда серуендеген соң адам организмдегі оттегі алмасуын жақсартып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл тек фитоциндердің әсерінен емес, сондай-ақ, орман ішінде жүрген кезде айналаңдағы тұмса тамаша табиғаттың өзіде керемет әсер қалдырады. Қаланың лас ауасынан кейін оттегіге бай қылқанжапырақты орман ішінде ұзақ серуендеу бастағы тамырлардың қысылып адамның естен танып қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, қылқанжапырақты орманда серуендеуді біртіндеп бастау қажет, бірден ұзақ серуен жасауға болмайды.
Кентау қаласында саяжолдарда көбінесе қарағай, арша және туя отырғызылған, арша мен туя қала ауа-райы жағдайларында қолайлы өседі, қарағайлардың жерсініп кетуі қиындау, дегенмен жақсы күтіммен өсіп тұрғандары жетерлік. Әкімшілік алдында шыршада өз сәнін келтіріп тұр. Жаздың тым ыстық кезінде ала көлеңкені қажет етеді. Қаратау тауларында тек қылша (эфедра) – бұталы қылқанжапырақ қана кездеседі.
Қазақстан жерінің байлықтары мен негізгі құндылықтарын сақтауды алдына міндет етіп қойған қазақ елінің әрбір азаматы ерекше қорғауға алынған қылқанжапырақтылар мен осы тектес ағаштар мен бұталарды кесуден аулақ болуы тиіс. Жаңа жыл қарсаңындағы дүрбелең кезінде қылқанжапырақтыларды қорғау тек орман шаруашылығы мекемесі қызметкерлеріне ғана емес, ҚР үкіметінің ормандарды заңсыз кесуден сақтау туралы қаулысымен барлық әкімдерге жүктелген. Қазақта: Бір тал кессең, он тал ек! Шыршаны қырықсаң шырылдап қаларсың! – деген даналық сөзі бар, сондықтан бір күндік сауық үшін, бір ғасыр өсетін ағашты қырыққанымыз жөн болмас. Қылқанжапырақтыларды қорғау және оларды сақтау - баршамыздың міндетіміз!
«Қаратау МТҚ» РММ қызметкері А.Асылбекова