Мемлекет басшысының тапсырмасымен  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан  “Таза өлке” апталығында қорыққа іргелес жатқан  елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қорық қызметкерлерінің қатысуымен Хантағы өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс шараның мақсаты  - аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету.