“Парктер шеруі - 2024” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай  ағымдағы жылдың 19 сәуір күні “Хантағы - Кемпіртас” экологиялық соқпағы бойында қорық қызметкерлері 130 түп тұя ағашының көшеттерін отырғызды.
Аталған іс-шараның мақсаты қоршаған ортаның жай - күйін жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан  “Таза өлке” апталығында қорыққа іргелес жатқан  елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қорық қызметкерлерінің қатысуымен Хантағы өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, тілсіз жау десек болады. Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 милионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады.

Жаз – өрт  қауіпінің күшейетін кезі. Өрт осы маусымда, елімізде ормандар мен далалық алқаптарында жиі байқалады. Мұның себебі негізінен азаматтарымыздың жаз айларында бұл қауіпті елемей, немқұрайлы қарауынан болып жүр.

         Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының басты мақсаты табиғат байлығын сол қалпында сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру болып табылады.  Өрт деген тілсіз жау, бұл табиғаттың ең үлкен қауіп қатері.  Осы тілсіз жаудан сақтау үшін ашылғаннан бері қорық басшылығы мен мемлекеттік инспекторлар тынымсыз күзетуде. Осындай қорғау жұмыстары мен  халықпен жұмыс жасау арқасында осы уақытқа дейін қорық ішінде өрт шығу оқиғасы тіркелмегенге шүкір дейміз. Дегенмен қорық айналасындағы табиғатта өрт шығып, біздің өрт сөндіру топтарының көмегімен  сөндірілген өртену  жағдайлары болып тұрады.  

Страница 1 из 3