“Парктер шеруі - 2024” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай  ағымдағы жылдың 19 сәуір күні “Хантағы - Кемпіртас” экологиялық соқпағы бойында қорық қызметкерлері 130 түп тұя ағашының көшеттерін отырғызды.
Аталған іс-шараның мақсаты қоршаған ортаның жай - күйін жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан  “Таза өлке” апталығында қорыққа іргелес жатқан  елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қорық қызметкерлерінің қатысуымен Хантағы өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, тілсіз жау десек болады. Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 милионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады.

Жаз – өрт  қауіпінің күшейетін кезі. Өрт осы маусымда, елімізде ормандар мен далалық алқаптарында жиі байқалады. Мұның себебі негізінен азаматтарымыздың жаз айларында бұл қауіпті елемей, немқұрайлы қарауынан болып жүр.

         Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының басты мақсаты табиғат байлығын сол қалпында сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру болып табылады.  Өрт деген тілсіз жау, бұл табиғаттың ең үлкен қауіп қатері.  Осы тілсіз жаудан сақтау үшін ашылғаннан бері қорық басшылығы мен мемлекеттік инспекторлар тынымсыз күзетуде. Осындай қорғау жұмыстары мен  халықпен жұмыс жасау арқасында осы уақытқа дейін қорық ішінде өрт шығу оқиғасы тіркелмегенге шүкір дейміз. Дегенмен қорық айналасындағы табиғатта өрт шығып, біздің өрт сөндіру топтарының көмегімен  сөндірілген өртену  жағдайлары болып тұрады.  

Құстар әлемі әрқашан өздерін тамсандырып, адамдардың назарын өздеріне аудара білген. Олар жер шарының кез келген жерінде солтүстік мұзды мұхиттардан бастап, ну ормандарда, шөлдер мен шөлейттерде, халқы тығыз болатын қалаларда мекен етеді. Жыртқыш құстар әдетте Антарктидадан басқа құрлықтардың бәрінде тіршілік етеді. Дене тұрқына қарай 60 грамнан 12 килограмға дейін жетеді. Қазақстан аумағында әр мезгілдерде құстардың 500-ден аса түрі кездеседі, ал оның ішінде 126 құс түрлері Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездеседі. Олардың 20 түрі жыртқыш құстар. Атап айтсақ: қаракезқұйрық, түз құладыны, дала құладыны, шалғын құладыны, саз құладыны, қаршыға, қырғи, тілеміш, жыланжегіш, бақалтақ қыран, дала қыраны, бүркіт, сақалтай, жұртшы, тазқара, ақбасқұмай, ителгі, жағалтай, дала күйкентайы, кәдімгі күйкентай. Отырықшы түр ретінде бүркіт, тілеміш, сақалтай, кәдімгі күйкентай кейде тазқара, ақбасқұмай құсы қыс мезгілінде де кездесіп тұрады. Ең ірі түрлері тазқара ақбасқұмай, дала қыраны, бүркіт, жұртшы, сақалтай. Қазақстанның қызыл кітабына енгізіліп қорғауға алынған 7 түрі жыланжегіш, бақалтақ қыран, дала қыраны, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі бар. Ұяларын әдетте биік жартаста, беткейде өскен бұта басына салады. Ірі түрлері 1-3 данадан, ұсақ жыртқыштар 4-7 данадан жұмыртқасын аналығы мен аталығы бірігіп басады, балапандарын да бірлесіп қоректендіреді. Қорегін іздеуі, қорегінің құрамы жыртқыш құстардың әр түрінде әртүрлі болады. Басым көпшілігінің негізгі қорегі -  ет. Негізінен кеміргіштермен, зиянкестермен, бауырымен жорғалаушылармен, кейбірі өлексемен қоректенеді. Ішінде өлексе қоректі санитарлық рөль атқаратын жұртшы, сақалтай, ақбасқұмай, тазқара құстары да жиі кездеседі.

 Қаратау МТҚ ғылыми қызметкері А. Туребаев

29032024

1 бет. Барлығы: 4