Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Қаратау қорығы қызметкерлері мен Абай атындағы № 5 жалпы орта мектеп оқушыларынан құрылған «Қаратау» еріктілері мен «Жас қанат» орманшылары, «Орман шаруашылығы қызметкерлер күніне» орай «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясын өткізді.

Қаратау қорығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 21.08.2023 ж. Хантағы өзені жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, акцияға “Қаратау” еріктілері, ауыл тұрғындары, ауыл әкімшілігі қызметкерлері ат салысты. Аталған акция Хантағы өзені мен демалыс орындарының аумағын қоқыс қалдықтарынан тазалау мақсатында ұйымдастырылды.Барлық ауыл тұрғындары мен демалушыларды тазалыққа шақырамыз!