Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының басты мақсаты табиғат байлығын сол қалпында сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру болып табылады.  Өрт деген тілсіз жау, бұл табиғаттың ең үлкен қауіп қатері.  Осы тілсіз жаудан сақтау үшін ашылғаннан бері қорық басшылығы мен мемлекеттік инспекторлар тынымсыз күзетуде. Осындай қорғау жұмыстары мен  халықпен жұмыс жасау арқасында осы уақытқа дейін қорық ішінде өрт шығу оқиғасы тіркелмегенге шүкір дейміз. Дегенмен қорық айналасындағы табиғатта өрт шығып, біздің өрт сөндіру топтарының көмегімен  сөндірілген өртену  жағдайлары болып тұрады.  

Әсем  табиғатты тамашалауға дүние жүзінің түкпір – түкпірінен саяхатшылар толассыз келуде. Елбасымыздың тапсырмаларының бірінде  Қазақстанда туризмді дамытуды барынша қолға алуды тапсырған. Қаратау қорығы туризм саласын дамытуда үлкен үлес қосатыны айдан анық. Осы табиғат байлығын өз ретімен жүйелі пайдаланбаса, оның да  жылдар өте орнын толтыра алмауымыз мүмкін. Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді.  Ал төменгі және жоғарғы – тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.

      Өрт салдарынан қаншама өсімдіктер жойылып, аң – құстарға көптеген зиянды әсерін тигізеді. Өрт болған жердің қайта қалпына келуі үшін, ондаған жылдарды қажет етеді. Ендеше  Қаратау- қорығының әсем табиғатын, өзіміздің байлығымызды сақтауға қала тұрғындар және ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, тау бөктерінде маусымдық жұмыс атқаратын малшылар, жүргізушілер болып жұмыла атсалысуымыз керек. Ол үшін тау бөктерінде мына қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

 1)  темекі қалдығын толық сөндіріп тастау;

 2)  кез – келген жерде от жақпау, әсіресе жел тұрып тұрғанда;

 3)  от жағу қауіпсіз жерде яғни, шөптен топырақ бетіне дейін тазартылған ені 0,5 м, ұзындығы 1 м кем емес суға жақын, қалың шөптен алшақ болуға тиіс;

 4)  тау бөктерінде жұмыс жасайтын  ауыл шаруашылық  техникаларында  өрт сөндіргіш құралдар міндетті түрде болу керек.

Қорыққа жақын орналасқан елді мекендермен шаруашылық қожалықтарына және мектеп оқушыларына үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, нұсқамалар берілуде, үн парақтар таратылуда. Өрттің тілсіз      жау екені баршамызға аян. Өрттің орын алмауына бірігіп ат салысайық.   

 

Н.Нұртазаев

«Қаратау МТҚ» РММ мемлекеттік инспекторы